Негізгі мазмұнға өту

5–13 жастағы балаларға

Білуге құштар.
Биікке құштар.

Qushtar — логика, математика, алгоритм, оқу, өлең жаттау және сөзбен пайымдау бір жерде тоғысқан білім платформасы. Бүркіт-ұстаз BurkitbAI жол көрсетеді, ал балаңыздың балапаны әр сабақ сайын екі қанатын қатайтып, биікке самғайды.

  • Қазақ тілінде
  • Планшет пен компьютер
  • Ата-анаға айқын есеп
BurkitbAI — тақиялы бүркіт-ұстаз

BurkitbAI

Асықпа. Шартты тағы бір рет бірге оқып көрейік.

+1

Тірнек

Алты бағыт

Қыран құс қос қанатымен биікке самғайды

Оң қанат · дәл ойлау

Логика

Белгілер, заңдылықтар, кеңістік, шарттар. «Ережені тап», «Кішкентай детектив», «Ал егер?»

Математика

Заттан — сызбаға, сызбадан — жазуға. Әр жаста базалық, тереңдетілген және олимпиадалық жол.

Алгоритм

Командалар, тізбек, қайталау, шарт. Робот жолын блоктардан құрудан бастап — C++ пен олимпиадалық алгоритмдерге дейін.

Сол қанат · Өнер алды — қызыл тіл

Оқу

Деңгейге сай қысқа мәтіндер, сөздік, түсіну сұрақтары, мазмұндау. Баланың өз кітап сөресі.

Жаттау

Қазақ өлеңін бөлік-бөлігімен түсіну, жаттау және мәнерлеп айту. Нәтижені ата-ана растайды.

Сөзбен пайымдау

«Неге?», «дерек жеткіліксіз», бірнеше негізделген жауап. Дәлелдеу және сыни ойлау.

Қаржылық сауаттылық

Кейін ашылады

Ақша, бюджет, жинақ және ақылды таңдау. Бала бастапқы математиканы, логиканы және алгоритмді меңгергеннен кейін ашылады.

  • Математика
  • Логика
  • Алгоритм

Логика · Ережені тап

Қатарды жалғастыр:

2 4 6 ?

1 · Сандар қалай өзгеріп жатыр? Қатар-қатар салыстыр.

2 · Ереже: әр сан алдыңғысынан 2-ге көп.

8

Жауапты бала өзі тапты — ұстаз тек бағыт берді.

BurkitbAI — сабырлы ұстаз

Бүркіт-ұстаз нұсқауларды дауыстап оқиды, қате үшін ұрыспайды және жауапты бірден айтпайды — баланы шешімге өзі жетелейді.

Кеңес баспалдағы

  1. 1

    Назар аудар

  2. 2

    Ережені еске сал

  3. 3

    Бір қадамын көрсет

  4. 4

    Мысалды талда

  • Шарттарды, мәтіндер мен өлеңдерді дауыстап оқиды — 5 жастағы балаға да түсінікті.

  • Жауаптың дұрыстығын AI емес, нақты тексеру анықтайды.

  • AI-кеңестер тек ата-ананың келісімімен қосылады.

  • Кеңес сұрау — ұят емес: жұлдыз азаймайды.

Балапан әр сабақпен өседі

Әр баланың өз балапаны бар. Аяқталған сабақ жұлдыз әкеледі, ал жұлдыздар оны бүркіттің жеті жасы арқылы өсіреді — балапаннан қанаға дейін.

1 жаста

0–4

Балапан

  • Қате мен кеңес жұлдызды азайтпайды

  • Үзіліс үшін жаза жоқ — балапан ешқашан «ауырмайды»

  • Жұлдыз — ойын тәжірибесі, ақыл өлшемі емес

  • Мереке қысқа — сабақты кез келген сәтте аяқтауға болады

Баламен бірге өсетін жол

Жас — бағдар ғана: деңгейді баланың дайындығы анықтайды. Математика, логика, алгоритм және оқу бойынша әр баланың өз деңгейі бар.

Қазір

5–8

жас

Шағын әңгімелер, суреттер, заттық модельдер, командалар. Оқудан гөрі сурет пен дыбыс көбірек.

Ұстаз: дауыстап оқиды, көрсетеді

9–11

жас

Көп қадамды есептер, шағын жобалар, ұзынырақ мәтіндер.

Ұстаз: жоспар құрып, тексеруге көмектеседі

12–13

жас

Алгоритмдер, дайын болса C++, модельдер, мәтіндерді салыстыру, дәлелдер.

Ұстаз: нақтылаушы сұрақ қойып, қатені іздеуге көмектеседі

Олимпиадалық математика жоғары сыныпқа шегерілмейді: әр кезеңде дайын балаға қосымша challenge-есептер бар. Оларды өткізіп жіберуге болады — негізгі сабақ бұдан бұзылмайды.

Баға емес — айқын сурет

Абстрактілі балл орнына әр дағды бойынша нақты бақылау: не шығып жатыр, қай жерде көмек керек, келесі қадам қандай.

  • Бір отбасылық аккаунтта бірнеше бала профилі

  • «Балаға беру» — құрылғы балалар режиміне ауысады, баптауларға тек ересек кіреді

  • Деректерді экспорттау және профильді толық жою

  • Балалардың мәтіні мен дауысы модельдерді оқытуға пайдаланылмайды

Апталық есеп

Мысал · 7 жас

12
  • Оқу

    Көмекпен

    Мәтіннен фактіні табады, бірақ себебін түсіндіру әзірге қиын.

  • Логика

    Өз бетімен

    Заңдылықты өзі жалғастырып, ережесін айтып береді.

  • Алгоритм

    Меңгеруде

    Қайталау командасын қолдана бастады.

Келесі қадам: «Неге?» сұрағына екі себеп айтуды жаттықтыру.

Жиі қойылатын сұрақтар

Qushtar кімге арналған?

5–13 жастағы балаларға. Бірінші нұсқа 5–8 жасқа арналған: көбірек сурет, дыбыс және қысқа тапсырмалар. Ересек жастағы курстар кейін қосылады.

Қай тілде?

Бірінші нұсқаның интерфейсі — қазақ тілінде, орыс тілі — келесі қадам. Оқуға арналған мәтіндердің тілі бөлек бапталады.

Бала экраннан шықпай қала ма?

Біздің мақсат — қолданбада көп отыру емес. Сабақты кез келген сәтте аяқтауға болады, «тағы бір жұлдыз» деп мәжбүрлемейміз, үзіліс үшін жаза жоқ.

AI балаға қауіпсіз бе?

AI-кеңестер ата-ананың келісімімен ғана қосылады және нақты тапсырма шегінде жұмыс істейді. Жауаптың дұрыстығын AI емес, тексеру анықтайды. AI-сыз да барлық сабақты өтуге болады.

Қай құрылғыда жұмыс істейді?

Компьютер мен планшеттегі браузерде. Баланың жеке құрылғысын бір реттік кодпен қосуға болады. Бөлек мобильді қосымшалар — кейінірек.

Бағасы қанша?

Қазір Qushtar отбасылық сынақ кезеңінде, тарифтер әлі бекітілмеген. Ерте қолжетімділік тізіміне жазылыңыз — іске қосылғанда бірінші болып хабарлаймыз.

Балапаныңыз ұшуға дайын ба?

Qushtar қазір отбасылық сынақта. Тізімге жазылыңыз — ерте қолжетімділік ашылғанда хабарлаймыз.

Жіберу арқылы сіз құпиялылық саясатымен келісесіз.